Created: 07 Қантар 2020
85

Шалқар селолық округі әкімінің 2019 жылы атқарылған жұмыстары туралы баяндамасынан тезистер

Шалқар селолық округі әкімінің 2019 жылы атқарылған жұмыстары туралы баяндамасынан тезистер

Бюджет және салық

Меншікті бюджет – 25.834 мың теңге,

ЖӨӨБ –1.669 мың теңге

Салықтар -1.815  мың теңге

Бюджеттің игерілу-99,8 пайызды құрап отыр.

 

Шағын және орта бизнес. Шағын және орта бизнес субъектілер саны-73. Соның ішінде: Шаруа қожалықтар саны-21. Жеке кәсіпкерлер саны-52. Округ бойынша 5 азық-түлік дүкендері және 3 тойхана, 1 қоғамдық монша халыққа  қызмет көрсетеді.

Агроөнеркәсіптік кешен. Округіміз бойынша мал шаруашылығымен айналысатын   21  шаруа қожалығығы бар,  олардың  4  Дуана елді мекенінде, 2 Шалқар елді мекенінде, 15 Сарыөмір елді мекенінде орналасқан. Мал шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер саны -6. 2019 жылы мемлекетіміздің  асыл тұқымды мал басын көбейту мақсатында  субсидиялау бағдарламасына  округіміздің  9  шаруа қожалықтары қатысты.

Жұмыспен қамту Жыл басынан 48 отбасыға (268 адам) атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Жұмыспен қамту орталығы жанынан кәсіптік оқуға жолданған адам саны-8. Жұмыспен қамту орталығына тіркелген жұмыссыздар саны-34. Жастар тәжірибесіне  жолданғандар саны – 3. 2019 жылы тұрақты және маусымдық жұмысқа орналасқандар саны-74.

Сумен қамту. Сарыөмірде -274 үйге су құбыр тартылған (92%).

Газдандыру.  Қазіргі уақытта Сарыөмір ауылы бойынша 297 үйдің 268 үйіне  (90%). Шалқар ауылында 36 үйдің – 28-не көгілдір отын  қосылды.  (78 %) .

Автомобиль жолдары. Облыстық маңызы бар Аңқаты-Сарыөмір 39 км тас жолына  2019 жылы жауапты мердігер жол жиегіндегі шөптерді уақытында қырып, жолды қардан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Жауапты мердігер – ЖШС «Шам-Шың» Орал қаласы.

Аудандық маңызы бар Сарыөмір –Шалқар 9 км, Сарыөмір – Дуана 25 км жолдарына 2019 жылы жауапты мердігер жол жиегіндегі шөптерді уақытында қырып, тегістеу жұмыстарын жүргізді. Жауапты мердігер – ЖШС «Шам-Шың» Орал қаласы.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық.

 Абаттандыру.  «Елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру» бағдарламасы аясында:

-60 мың теңге қаржыға 225 дана түп ағаш көшеттері отырғызылды.

«Өңірді дамыту 2020» бағдарламасы аясында:

          - Шалқар көлі жағасының санитарлық тазалағына «Теректі үй жөндеу» ЖШС –не  500 000 теңге қаржы қоқыс шығаруға техника қызметтері үшін жұмсалды.

         - Округті абаттандыруға 250 500 теңге қаржыға жұмсалды.

- Сарыөмір ауылындағы күл—коқыс төгетін полигонды жайластыруға 500 000 теңге қаржы жұмсалды.

Құрылыс.Сарыөмір ауылына 48 орындық жазғы сауықтыру лагерінің құрылысы 2019 жылдың 01 маусым күні пайдалануға берілді.

Білім беру Шалқар ауылдық округі бойынша 1 (орта) -264 бала, мұғалімдер саны- 50. Оқушылар мектепте 2 ауысымда оқиды. 2 (екі) бастауыш мектепте -26 бала, Дуана ауылындағы мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер тәрбиелейтін шағын орталықта 5 бала тәрбиеленіп жатыр. Мектеп жанындағы интернатта жатып оқитын балалар саны-35.  «Өркен» бөбекжайында биылғы жылы 4 топта барлығы 1,5 жас пен 5 жас аралығында «70» бүлдіршін тәрбиеленуде. Әр апта сайын Дуана, Шалқар, Бозай ауылдарына тегін тасуға жергілікті бюджеттен 500,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Денсаулық сақтау. Денсаулық саласында 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік пункт жұмыс жасайды.

Дүниеге келген сәбилер саны 2018ж. «21» / 2019ж «19»,  

Қайтыс болған  адамдар саны 2018 ж. «6» / 2019ж. «6».

2019 жылда 1 жасқа дейінгі бала өлімі болған жоқ, ана өлімі тіркелген жоқ. Туберкулез ауруын алдын алу мақсатында флюрографиядан тексеруден өтуге жоспарланғаны – 506. Орындалғаны-509 (100 %).

Ауруларды жедел түрде ауруханаға жеткізу үшін жергілікті бюджеттен 250,0 мың теңге қаржы жұмсалып отыр. Бұл қаржыға жедел-жәрдем УАЗ автокөлігіне 1500 литр жанар-жағармай сатып алынды. Рейс саны - 30

Мәдениет және спорт.Халықаралық және ұлттық мерекелерге орай ауылдық Мәденет үйінде тұрақты түрде концерттік іс-шаралар өткізіліп тұрады. 2019 жылы  26 қазан күні Шалқар көліне құятын Шолақ-Аңқаты өзені жағасында “Қармақты – алтын балық” атты әуесқой балықшылар арасында жарыс өткізілді.

2019 жылы  14 қараша күні аудандық «Егіз-Лебіз» атты жұптық ән байқауы өтті.

2019 жылы 13-14 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай жасөспірімдер арасында Бокстан облыстық турнир өткізілді.

Қоғамдық тәртіп.Аймақтық полиция инспекторының 2019 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша  65 адамға  әкімшілік шара қолданылып, хаттамалар толтырылған. 12 қылмыстық іс тіркеліп, 2 қылмыстық іс ашылып отыр.

Қоғамдық-саяси ахуал. Ауылдық округ бойынша ардагерлер, әкелер, әйелдер және жастар кеңестеріне қоса қоғамдық келісім кеңесі жұмыс жасайды. Округ бойынша қоғамдық- саяси ахуал тұрақты.

2020 жылға жоспар

 Сарыөмір ауылы бойынша:

  • Сарыөмір ауылындағы саябақты ішін абаттандыру.
  • Сарыөмір ауылындағы ҚТҚ полигонын абаттандыру, жайластыру.
  • Сарыөмір ауылының кіреберісіне округ атауын орнату.
  • Шалқар көлінің айналасын абаттандыру.
  • Сарыөмір ауылының кәсіпкердің өз қаражаты есебінен автосервис ашу.
  • Округ бойынша қолданылмай жатырған шаруашылық жерлерін кері қайтару.
  • Сарыөмір ауылындағы бұлақ көздерін тазарту.

 

Дуана ауылы бойынша:

  • Дуана ауылының (ұзындығы -0,3 км, ені – 4 м, биіктігі – 30 см) кіреберіс

     жолын көтеру.

  • Ауыз су мәселесі.
  • Газдандыру мәселесі.
  • Бұзылған үйлердің орындарын тазарту.

Шалқар ауылы бойынша:

  • Шалқар ауылының зиратын қоршау.
  • Ауыз су мәселесі
  • Округ орталығынан Шалқар ауылына дейін 9 км жолды көтеру

 

 

Шалқар ауылдық округінің әкімінің м.а.                               М.Султанов                                          

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location