Created: 30 Сәуiр 2019
138

«Электронды үкімет» - ресми ақпарат көзі

 

Технологиялар дамыған елімізде онлайн-сауда, мобильді банкинг сияқты қызметтерге халық қолындағы ұялы телефон арқылы қол жеткізуде.Осындай озық технология қазір мемлекеттік қызмет саласына да жетті.

 
Елімізде «Цифрлы Қазақстан» жобасы өркендеп келеді. Әсіресе, барлық мемлекеттік органдар біріктірілген, тұрғындарға электрондық сандық қолтаңбасы, ұялы телефондары арқылы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін біртұтас жүйе – «Электронды үкімет» порталының халыққа пайдасы зор. Азаматтар осы портал арқылы Қазақстан республикасының үкіметі,заңнамасы барлық мемлекеттік органдары туралы ресми ақпараттарды ала алады. Электрондық қызметтерді пайдалану үшін сіздің электрондық сандық қолтаңбаңыз болса, болғаны. Бұл қолтаңбаны Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, файлдық тасымалдағышқа немесе жаңа нысандағы жеке куәлікке куәландырса болғаны.


«Электронды үкімет» мемлекет пен халықтың арасында тиімді байланыс орнатқан ресми ақпарат көзі.

 

 

Самал Темірболатова,
«Шалқар селолық округі әкімі аппараты»
мемлекеттік мекемесінің бас маманы

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location